Түркияның Қорғаныс министрлігімен сол елдің қорғаныс өнеркәсібінің алыптары келісімге қол қойып, Түркияның отандық алыс аралықты зымырандарын өндіруді қолға алды. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Аталған келісімге Түркияның әскери электроника өндіруші «Аселсан» және зымыран өндіруші «Рокетсан» қатарлы ірі өнеркәсіп орындары мен Түркия Ғылым-технология зерттеу орталығы және Түркия Қорғаныс министрлігіне қарасты Қорғаныс өнеркәсіп кеңесшілері қол қойған.
Келісімге сай, аталған тараптар бірлесе отырып, Түркияның алыс аралыққа атылатын зымырандарын дайындайды.
«Аселсан» компаниясының мәлімдеуінше, компанияға берілген тапсырыстар 2021 жылға дейін дайын болады. Оның құны шамамен 279 млн 258 мың еуро екені айтылған.
Дереккөз: “The Qazaq Times”