Атырау, 25 қараша 18:42
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Құлшылық тек өзің үшін"

4 416 просмотра


Рұқсат етілмеген орындарда діни рәсімдер мен құлшылықтар өткізген азаматтар ҚР ӘҚтК талаптарына сәйкес, 113450 теңге айыппұл төлейді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауапты орган өкілдері осыны ескертті.

Бұл мәселе 10 қаңтарда Ақтөбе қаласында мектеп алдында паранжа киген қыз-келіншектердің жамағат болып намаз оқуы фактісіне қатысты көтерілді.

Облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Қаһарман МУСАЕВ:

- ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 7-ші бабының 2-ші тармағында: діни жоралғылар мен діни рәсімдерді, діни құлшылықтарды мешіттерде немесе заңмен белгіленген орындарда жасауға рұқсат етілген. Біз де облыс тұрғындарына, әсіресе діндар жамағаттарға осыны айтып, егер заңға бағынбаса оларға шара алынатынын ескертеміз.

Мусаевтың айтуынша, діни бірлестіктер құлшылық қылатын ғибадат орындарын ашуға құқылы. Қазіргі уақытта қала бойынша мұндай үш намазхана бар. Олар: «Дина» сауда- саттық үйінде және «Байзаар» сауда орынында (әйелдерге және ерлерге арналған екі орын) орналасқан.

Ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы іс- қимылдар басқармасының жедел аға өкілі Талғат ӘМІРХАНОВТЫҢ сөзінше, өткен жылы Атырау облысында терроризм- экстремизм бойынша 11 қылмыстық іс тіркеліп, оның 10-ы сотқа жолданған. Ал, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қоғамдық орында намаз оқыған 23 адамға айыппұл салынған.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Суретті түсірген автор

16 қаңтар 2018, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.