Атырау, 29 қараша 07:56
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Грекияда қоғамдық көлік қызметкерлері жаппай ереуілге шықты

2 454 просмотра


Грекия қоғамдық көлік қызметкерлер ереуіл Грекияда метро, автобус және темір жол қызметкерлері үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына қарсы жаппай ереуілге шығып, жұмыстарын тоқтатты.

Наразылық акциясына әуе диспетчерлері де қатысып біраз рейстер кейінге шегерілді. Салдарынан тұрғындар мен саяхатшылар діттеген жерлеріне жете алмай, наразылық танытып жатыр. 

Ал қоғамдық көлік өкілдерінің ереуіліне парламенттің халықаралық қарыз берушілермен келісілген шараларды талқылауға кірісуі себеп. Өйткені жаңа заң жобасы бойынша әлеуметтік өтемақылар одан әрі қысқартылып, наразылық шараларын өткізуге шектеу енгізілмек. 

Сондай-ақ, банкротқа ұшыраған адамдардың мүлкін сату жоспары да бар. 

Мария Ромеро, испаниялық саяхатшы:  

- Қоғамдық көлік өкілдері билікке наразылықтарын білдіру үшін мұндай әдісті қолданбауы тиіс деп ойлаймын. Олар қарапайым адамдарға кері әсер етпейтін жолдарды қарастыруы керек шығар. 

Костас Бикас, жергілікті тұрғын: - Ереуілдің кесірінен біз әуежайға жете алмай қалдық. Ал таксилердің құны қымбат. Сондықтан не істейтінімізді білмейміз.

Дереккөз: 24.kz

16 қаңтар 2018, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.