Атырау, 29 қараша 07:34
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Ким Чен Ын Солтүстік Корея санкцияларға қанша жыл шыдай алатынын айтты

2 126 просмотра


КХДР басшысы Ким Чен Ын қанша санкция салынса да, елдің еш қиналмайтынын айтады, - деп хабарлайды gazeta.ru Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап. 

"Бізде өз экономикамыздың негізі бар, ғылыми-техникалық әлеуетіміз мықты және дарынды адамдар да баршылық. Сондықтан бізде еш қиындық туындамайды, жауларымыз мейлі 10, тіпті 100 жылға санкция салса да", - дейді Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның ғылым академиясы қызметкерлерімен кездесу барысында.  

Мұның алдында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясы аясында Еуропалық одақ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияға рұқсат берген еді.  

Дереккөз: tengrinews.kz

15 қаңтар 2018, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.