Атырау, 2 маусым 16:40
 дождьВ Атырау +13.8
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Көлік апатынан бес адам көз жұмып, бес адам ауруханаға түсті

Сурет
5 640 рет қаралды

14 қаңтарда сағат 14.30 шамасында Атырау-Астрахан трассасында Х. Ерғалиев ауылына жақын маңда көлік апаты орын алып, 5 адам қаза болды.

Атырау жақтан келе жатқан «Лада-21154» көлігі «Хендэ Аксент» көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан «Ладаның» 4 жолаушысы – екі ер адам мен екі әйел адам және 60 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмды. «Хендэ Аксент» көлігінің төрт жолаушысы (олардың ішінде 17 жастағы қыз бен 9 жасар бала) мен  жүргізушісі Исатай аудандық ауруханасына жеткізілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қаңтар 2018, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.