Атырау, 29 қараша 07:49
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Мектептегі қанды қырғын: Оқиғаның мән-жайы анықталды

2 166 просмотра


Ресейдің Пермь өлкесінде болған төтенше жағдайдың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости Тергеу комитетіне сілтеме жасап. 

Жанжал екі жасөспірімнің пышақпен қаруланып, сабақ үстінде төбелесуінен басталған, оларды мұғалімдер мен оқушылар ажыратпақ болған. Қазіргі уақытта екі адамның ауыр жағдайда ауруханада жатқаны анықталып отыр. 

ІІМ-нің өлкелік басшысының мәліметінше, жанжалдасқандардың бірі психоневрологиялық диспансер есебінде тұрған. Күдіктілер ұсталып, олардан жауап алынып жатыр.  

Еске салайық, осының алдында Ресейдің Пермь өлкесінде екі адам мектепке шабуылдап, салдарынан сегіз оқушы мен мұғалім пышақ жарақатын алғаны хабарланған. 

Оқиға орнына Пермь өлкесінің губернаторы Максим Решетников пен Аймақтық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына аттанған.  

Оқиға №127 мектепте жергілікті уақыт бойынша сағат 10.19-да болған. 

Дереккөз: tengrinews.kz

15 қаңтар 2018, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.