Атырау, 26 қараша 15:23
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Дананың вайндары және Париж

Сурет Бейнежазба
3 638 просмотра


Танымал әлеуметтік желілердің бірінің профильдерін қарап отырып, атыраулық әнші қыздың парағына тап болдым. Маған оның ән шырқағаны қатты ұнады. Тілдескен кезде Дана ЗҰЛХАНОВАНЫҢ өз өмірін музыкасыз елестете алмайтыны белгілі болды.

- Қызығушылығың қалай оянды?

- Анамның музыкалық білімі бар, төрт жасымнан бастап ән айтуды үйретті. 11 жасымда қалалық байқауға қатыстым. Сол жерде көзге түстім. Кейін бірнеше рет облыстық және республикалық байқауларға қатыстым, тіпті Парижге фестивальға да бардым. Жалпы дәрігер болуды жоспарлаған едім, бірақ музыкаға деген сүйіспеншілігім басым түсті. Қазір Атырау мемлекеттік университетінің музыка факультетінің екінші курсында вокалист мамандығы бойынша оқып жатырмын.

- Париждегі фестиваль туралы айтып берсең.

- Фестиваль «Leciel de Paris» («Париж аспанының астында» әнінің атауы бойынша) деп аталды, ол Франциядағы ең көне театрлардың бірі «Theatredu gumnase marie beel» қабырғасында өтті. Софи Марсо және Лара Фабиан секілді жұлдыздар өнер көрсеткен сахнада ән айту адам айтқысыз сезім болатын. Осы фестивальда жүлделі үшінші орынды алдым.


- Қазір немен айналысып жүрсің?

- «OIL vine» жобасынан бастайын - бұл жастардың шығармашылық бірлестігі, қазір сол бірлестікте өзімді дамытып жүрмін. Біз жастар болып белгілі музыкалық композицияларға вайндар мен түрлі каверлер түсіреміз. Осы жігіттермен бірге менің ой-өрісім кеңейтіп, командамен жұмыс істеудің не екенін түсіндім. Ал қазір мен лайв бэнд вокалистімін - бұл менің бала кезімнен арманым болатын.

- Бос уақытыңда немен айналысасың?

- Интернетте гавайлық гитара – укулеледе ойнайтын бейнежазба жиі көзіме түсетін. Қатты ұнап қалған еді, осы аспапта ойнауды үйренуге бел будым. Бір жылдан бері тәп-тәуір ойнап жүрмін. Бейнежазба арналарының бірінен вокал сабақтарын қараймын, ән айтамын, жаттығамын.

- Үйде ән айтқан кезде көршілерің шағымданбай ма?

- Ол жағынан проблема жоқ, жеке үйде тұрамын (күлді).

- Сүйікті орындаушыларың бар ма?

- «TheBeatles» тобын жақсы көремін, ал жалпы кантри, джаз, блюз секілді жанрларды ұнатамын.

- Дана, өзің музыка жазасың ба?

 - Менде бұл үшін жеткілікті дағдылар жоқ, бірақ жазуға ниетім бар.


@moldanazar-Ұмытшы мені тезСсылка на полную версию у меня в профиле __________________ Хочу выразить огромную благодарность за сотрудничество @janjiqitov . Кавер получился просто замечательным Отдельное спасибо за хороший звук @at_records и за качественный монтаж @joljanov . И конечно же большое спасибо моей @adaussova за то что была рядом и помогала мне целый день Из нас получилась хорошая команда, надеюсь в будущем у нас будут много новых и таких же крутых проектов.
Публикация от Дана Зулханова | Oil Vine (@danazulkhanova)


Анастасия АЛЮШИНА

Суреттер мен бейнежазба Д.Зұлханованың мұрағатынан алынды

«АЖ» анықтамасы: 
Вайн — бұл өте қысқа ролик, әдетте ұзақтығы екі секундтан бастап жиырма секундқа дейін. Вайндар, әдетте, өмірдің кей сәттерін бейнелейді. Вайн түсірушілерді вайнерлер деп атайды. Сондай-ақ, вайнды бейнежазба форматындағы твит деп есептеуге болады. 
Кавер-нұсқа — басқа музыканттың немесе ұжымның орындауындағы авторлық музыкалық композиция. Кавер-нұсқаның орындалуы жаңа музыкалық аранжирлеу элементтері енгізілген түпнұсқа музыкалық композиция элементтерін қамтуы мүмкін. 
Лайв бэнд — тірі музыка, фонограммасыз ән айту.

12 қаңтар 2018, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.