Атырау, 29 қараша 07:50
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Brent маркілі мұнай бағасы үш жылда алғаш рет $70 асты

1 882 просмотра


Лондон мен ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бағасы 1,2 пайызға өсіп, барреліне 70,05 доллар болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы рет мұнайдың осы сұрпының барреліне 70 доллардан жоғары баға 2014 жылдың 4 желтоқсанында тіркелген. 

Бұған дейін хабарланғандай, WTI маркілі жеңіл мұнайдың 2018 жылғы ақпан айындағы жеткізілімі бойынша фьючерстері құны Лондон мен ICE Futures биржасында 0,7 пайызға артып, барреліне 64,03 долларды құрады. 

Осы мұнайдың барреліне бағасы 64 доллар межеден асуы 2014 жылдың желтоқсан айынан бері бірінші рет байқалды. 

Дереккөз: inform.kz

12 қаңтар 2018, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.