Атырау, 26 қараша 15:39
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Үшінші «іссапар» - 2 жыл

2 633 просмотра

Атырау қалалық №2 сотында «Қазгидромет» РМК филиалы директорының орынбасары А.А.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы («Ірі мөлшерде бөгденің мүлкін иемдену») бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта оның 2017 жылы қазан айында қызметке қажет деген сылтаумен филиал директорынан Каспий теңізі акваториясына экологиялық мониторинг жүргізу үшін іссапарға шығуға рұқсат алғандығы белгілі болды. Онымен бірге тағы 10 қызметкер баруға тиіс болады. Оның орнына А. А. 2 млн теңгеге теңіз кемесіне арналған 16 мың литр дизель отынын басқаларға сатып жібереді. Ал әріптестеріне іссапардың болмайтынын хабарлап, барлық іссапар ақшасын өзі иемденеді.

Біраз уақыттан кейін ол сол әрекетті қайталап, жалпы залал 4,5 млн теңгені құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында А.А. зиянды толығымен өтеп, прокурормен кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасады. Нәтижесінде шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қаңтар 2018, 20:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.