Екі күн ішінде (8-9 қаңтарда) облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері бұл жерден көршілес Батыс Қазақстан облысының аумағынан қоныс аударған жүз елудей жануарды санап шықты.
- Жануарлар өз жолымен аман-сау кеткенше, браконерліктің алдын алу үшін ақбөкен көшкен ауданға біздің қызметкерлеріміз жіберілді. Осы мақсатта оралдық әріптестеріміз бен ақбөкенді қорғау қызметін атқаратын «Охотзоопром» РМК қызметкерлері келді, - деп хабарлады инспекцияның бөлім бастығы Азамат ӘБІҒАЛИЕВ.
Біраз уақыттан кейін ақбөкендердің басым бөлігі көрші аймаққа кері оралды. Атырау облысы Есбол ауылдық округінің аумағында 20-30 шақтысы жайылымға қалды, олар кейіннен Махамбет және Құрманғазы аудандарына қоныс аударды.
Өткен жылы 17 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына (аң аулау ережесін бұзу) сәйкес, 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тағы екеуіне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Бүгінде Қазақстандағы ақбөкендер саны 108 мың.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ