Бүгін, 11 қаңтарда Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы (бірінші орынбасар) Сағындық ЛҰҚПАНОВ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысы Асқар ЖАНАХМЕТТІ таныстырды.
Оның құрылыс және экономика саласында екі жоғары білімі бар, бұған дейін ол осы басқарма басшысының орынбасары лауазымын атқарған. Еңбек жолын жеке компанияда бастап, бірнеше жыл бойына сонда жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап - мемлекеттік қызметте, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА