Атырау, 29 қараша 08:54
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

АҚШ үкіметі Huawei-дің тыңшылығын әшкереледі

2 943 просмотра


АҚШ билігі Қытай үкіметімен "жұмыс істейтін" Huawei компаниясын кінәлады. Америкалықтар қытай телефоны тыңшы болуы мүмкін деп қауіптеніп, ұялы байланыс операторларына аталған компанияның смартфондарын сатқызбай отыр. Бұл туралы The Information сайты жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Лас-Вегастағы CES көрмесі аясында Huawei компаниясы АҚШ-тың ең ірі ұялы байланыс операторларының бірі AT&T-пен серіктестік туралы жариялаймыз деп жоспарлап отырған. Бірақ келісім жасалмай, компания қытайлық өндірушінің смартфондарын сатудан бас тартты.

Android Police дереккөзі мұндай жағдай АҚШ-тың байланыс жөніндегі федералды комиссиясы тарапынан қысым көрсетілуінен орын алды дегенді растайды. Ведомсто Huawei компаниясы Қытайдың арнайы қызметімен серіктес екеніне сенімді. Сондықтан олар қолданушыларды жасырын бақылай алады. Американың тағы бір байланыс операторы Verizon да мұндай ақпарат болғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, 2008 жылы да америкалық әскерилер «Huawei Қытайдың Халық-босату армиясымен тығыз байланыс орнатқан» деген қорытынды шығарған. Сол үшін компанияға мемлекеттік немесе әскери мәндегі ақпарат беретін желілерге қосылуға тыйым салынған. 2012 жылдың соңында да АҚШ Конгресі компанияның Қытайдың мемлекеттік және әскери ұйымдарымен байланысы бар деген ақпаратты жариялады.

Дереккөз: baq.kz

11 қаңтар 2018, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.