Атырау, 3 маусым 03:20
 дождьВ Атырау +12.9
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

​Мадагаскар халқы алапат дауылдан әбігерге түсті

2 296 рет қаралды


Мадагаскар халық дауыл әбігер Мадагаскардағы табиғаттың тосын мінезі 80 мың адамды әбігерге салды. Сорақысы сол Ава тропикалық циклонынан 29 адам қаза тауып, 22-сі із-түзсіз кеткен. 

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті. Сонымен қатар сұрапыл дауыл 17 медициналық көмек көрсету пунктін тас-талқан еткен. 141 мектепке айтарлықтай зақым келтірген. Гуманитарлық ұйымдар апаттан зардап шеккендерді дәрі-дәрмек, ауыз су мен шатырлармен қамтамасыз етіп жатыр. Бірнеше аудан жарықсыз қалған.  Тина Хаинго, жергілікті тұрғын: Отбасымызда 6 адам бар. Үйіміз судың астында қалды. Кішкентай баламның қызуы көтерілгендіктен, осы жерге келдік. Айналаны түгелдей су басты.

Дереккөз: 24.kz

11 қаңтар 2018, 02:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.