Атырау, 26 қараша 15:51
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жол-көлік оқиғасы болды ма?

4 495 просмотра


Әлеуметтік желілерде Атыраудағы полиция қызметкерлерінің өзі қатыспаған жол-көлік оқиғасын мойнына «іліп тастағасы» келетіні туралы айтылған бейнежазба тарап кетті. Автордың көлігі еш бүлінбеген, ал полицейлер мінген «азаматтық» автокөлікте ескі сызаттар бар екен. Және олар жол-көлік оқиғасының хаттамасын толтырмау үшін өзінен пара алуға тырысыпты.

Бұл роликке Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА былай деп комментарий берді:

- Бұл факт ІІД-нің ақпарат есебі кітабында тіркелді. Бейнежазбадағы ЖПҚ қызметкерлері сол күні жұмысқа таксимен келген. Таксист жол қозғалысына қатысушылардың бірі машинасын жанап кеткенін айтқан. Аталмыш көлікті қуып жетіп, ол жүргізушімен сөйлесуге барады. Полиция қызметкерлері бұл кезде салон ішінде отырған. Қозғалысқа екінші қатысушы оларды көрген кезде телефонға түсіре бастаған. Бұл Құрманғазы ауланының тұрғыны Д. Ол өз кезегінде бұл факт бойынша ешкімге талап қоймайтыны туралы қолхат берген. Бейнежазбаны тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлерінің әрекетінен қылмыс құрамы анықталған жоқ. Материал жергілікті полицияға жолданды. Ол жерде қазіргі кезде қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Тамара СУХОМЛИНОВА 

Әлеуметтік желідегі бейнероликтен алынған кадр

9 қаңтар 2018, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.