Атырау, 26 қараша 15:53
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ет неге қымбаттады?

4 364 просмотра


Өткен аптада қала базарларында ет бағасы қымбаттады. Тұрғындар  сиырдың сан етінің 2500 теңгеге дейін көтерілгенін айтады. «АЖ» тілшісі Сарайшық» коммуналдық базары, «Көктем», «Дина» базарларын аралап қайтты.

Ет бағасы 1800-2500 теңге аралығында. Сатушылардың айтуынша, жаңажылдық демалыс күндері соятын малдың келмеуіне байланысты баға қымбат болған. 

- Жаңа жылдың алдында 2000- 2200 теңге болды. Жаңа жылдан кейін баға өсті.

Біз тұрақтандыру қоры бар  «Атырау» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясына хабарластық. Мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі департаментінің директоры Дмитрий ДЮДІҢ айтуынша, мекеме соңғы жылдары етті сатып алумен айналыспайды.

- Біз етті 2011-2012 жылдары сатып алдық. Одан кейін ұсыныс болмағандықтан, сатып алуды тоқтаттық. Біз қазіргі уақытта «Дина», «Насиха», «Көктем», «Сарайшық» базарларындағы арнайы бөлінген орындарға көкөніс - картопты 86 теңге, қырыққабатты 81 теңге, сәбізді 100 теңге, пиязды 85 теңгеден сатамыз.

Қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан ДАУЛЕТОВ бағаның бұлай қымбаттау себебін мереке күндері қалаға ет жеткізілмеген себебімен түсіндірді.

- Ауа райының қолайсыз, жолдың тайғақ болуына байланысты  тасымалдаушылар ет жеткізе алмаған. Бүгін қарап шықтық, ет бар.

- Еттер қай жақтан жеткізіледі?

- Көбіне Батыс Қазақстан облысынан және Қызылқоға мен Құрманғазы аудандарынан тасымалданады. 

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

9 қаңтар 2018, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.