Атырау, 29 қараша 08:50
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Францияда Apple-ге қарсы тексеру басталды

1 292 просмотра


Францияда прокуратура iPhone смартфондарының кейбір үлгілерінің қасақана бәсең жұмыс істеуіне байланысты Apple компаниясына қарсы тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.  

Тергеу жұмыстары «Жоспарлы ескіруге жол жоқ» атты қауымдастықтың Париж қадағалау ведомствосына түсірген шағымынан кейін басталды. 

Apple компаниясы өз өнімдерінің жұмыс істеу мерзімін әдейі қысқартты деген күдікке ілікті. Бұл француз заңында жазаға тартылатын әрекет саналады. 

Американың ірі компаниясының жылдық айналымының бес пайызына дейінгі көлемде айыппұл салынуы мүмкін, алайда іс сотқа жетпеуі мүмкін. 

Бұдан бұрын желтоқсанда Apple қолданушыларының алдында iPhone-ның ескі үлгілерінің баяу жұмыс істеуіне байланысты кешірім сұраған болатын. 

Компания бұл әрекетін тозығы жеткен батареялармен түсіндірген.

Дереккөз: inform.kz

9 қаңтар 2018, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.