Бұл туралы Түркия премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздақ мәлім етті. Айтуынша, бұл мәселе ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен үкіметтің алдағы отырысында қаралады.
Түркияда 2016 жылы болған төңкеріс әрекетінен кейін төтенше жағдай жарияланған болатын. Парламенттің мақұлдануымен ол әр 3 ай сайын 5 мәрте ұзартылды.
Түрік үкіметі: «Мұндай шаралар азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғап, террорлық ұйымдарға қарсы белсенді күрес жүргізу үшін қажет», – деп түсіндіреді.
Бекир Боздақ, Түркия премьер-министрінің орынбасары: - Төтенше жағдай тағы 3 ай мерзіміне ұзартылады. Әрине, ол үшін ұлттық қауіпсіздік кеңесі ұсыныс білдіріп, үкіметтің кеңейтілген жиынында қаралуы тиіс. Бұл мәселе алдымыздағы отырыстың күн тәртібіне енгізілген.
Дереккөз: khabar.kz