Атырау, 26 қараша 15:29
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атыраудың ауасы қандай?

4 867 просмотра


2017 жылы жүргізілген зерттеу жұмыстары Атырау қаласында атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының (ШРК) үнемі артып отыратынын көрсетті.

Бұл туралы Атырау облыстық экология департаменті таратқан баспасөз хабарламасында айтылған.

«Талдау жұмыстары Атырау қаласының әуе бассейніне негізінен баланстарында ағызу-құю мұнай эстакадалары бар АМӨЗ, «ҚазТрансОйл», мұнай базаларының және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі теріс әсер етіп отырғанын көрсетіп отыр.

2017 жыл ішінде «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы ауадан күкіртсутек бойынша ШРК асқан 250 жағдайды тіркеді. Оның төрттен бір бөлігі – төтенше жоғары ластану деңгейінде».

Экология департаменті АМӨЗ өндірістік цехтары мен Сасықсайдың булану алаңдарына жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

2017 жылғы 3 қарашадағы сынақ хаттамасына сәйкес, ластаушы заттардың нормативтен жоғары шығарындылары анықталды. Мәселен, ЖЭО-дағы №3 қазандықтың түтін мұржасында азот оксидінің концентрациясы нормативтен екі есе, ал азот диоксиді бір жарым есе асқан. Сонымен қатар, 2017 жылы түрлі кезеңде УПНК, УЗК және ССR зауыт қондырғыларының түтін мұржалары арқылы ластаушы заттардың шығарылғаны анықталған. Егер бірінші жағдайда шығарынды нормативтен асқан болса, қалған екі шығарынды мүлдем қарастырылмаған жерлерден шығарылған. Экология департаменті АМӨЗ-ге 22 млн теңге сомасында айыппұл салды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 қаңтар 2018, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.