"АЖ" мұрағатынанӨткен ғасырдың 90-жылдары тәжік-ауған шекарасында әскери қызмет атқарған қазақстандықтар 2016 жылы парламентке өздерінің мәртебесін ҰОС ардагерлеріне теңестіру жөнінде хат жазған. Бұл туралы «Тәжік-ауған шекарасындағы ұрысқа қатысушы ардагерлер одағының республикалық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы төрағасы Қанат ҚАДЫРҚҰЛОВ (суретте) облыстық әскери комиссариатта өткен мәжілісі депуттарымен кездесуде еске салды.
- Сол кезде Қоғамдық бірлестіктің республикалық төрағасы Мұрат Мұхамеджановтың атына тәжік-ауған шекарасында ТМД сыртқы шекарасын қорғағандардың мәртебесі және әлеуметтік қолдау мәселесі 2017 жылы қаралатыны туралы айтылған. Алайда, бұл болмай қалды,- деді Қ.Қадырқұлов.
Бұл сұраққа ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, республикалық ауған ардагерлері одағының төрағасы Бақытбек СМАҒҰЛ қаңтар айының соңына таман парламентте дөңгелек үстел өткізетінін және сәйкесінше ұсыныс жасайтынын айтты.