Өткен жылдың наурызында біз Атырау жолдарындағы ойлы-шұңқырлы жерлер туралы, оларды айналып өткен кезде апат жасау қаупі туындайтынын жазған едік. Содан бері өзгерістер орын алып, жазда жалпы алаңы 21 800 м² болатын жол төсемдеріне ағымдық жөндеу (шұңқыр жамау) жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстарға мердігерлікті (222 млн теңге) «Бекет Сат Жол» ЖШС ұтып алды. Жөндеу жұмыстары Датов, Канцев, Уәлиханов, Баймұханов, Амандосов, Құнанбаев, Молдағұлова, Гагарин, Досмұхамедов, Смағұлов, Шамин, Сатыбалдиев және т.б. көшелерге жүргізілді. Кепілдік мерзімі – 2 жыл.
Бірақ қалада бұрынғыша қауіпті жерлер бар.
1. Амандосов көшесінің – Баймұхановпен қиылысынан бастап Берғалиев көшесімен қиылысына дейінгі жол бөлігі (әскери бөлімше маңы). Бұл жерде шұңқырлар бар, оны айналып өткен жүргізушілер қарсы қозғалыс жолағына шығып кетеді.
2. Контейнерный ықшамауданындағы жаңа асфальт жабынын ауыр жүк фуралары бүлдіруде. Сонымен қатар, асфальт Береке ықшамауданындағы жаңа құрылыстарға жылу жүйесін жүргізу барысында да бүлінген.
3. Ет комбинаты көшесінің (Дина базарының артында) көлік жолын фуралар бүлдіріп, мүшкіл халге түсірген.
4. Өткен жылы Амандосов көшесінің бөлігіне жаңа асфальт салынды. Жүргізушілердің бағына қарай, жолдан «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолсеріктерінің бұрынғы резервіне апаратын рельстерді алып тастады. Ал Датов көшесінің жол бөлігі қолданылмайтын теміржол тармағымен қиылысады.
Тамара СУХОМЛИНОВА