Атырау, 29 қараша 08:44
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ердоған Ыстанбұлдағы «Темір шіркеуді» ашты

1 844 просмотра


Түркия билігі дініи сенімді қорғайды, деп мәлім етті президент Режеп Тайып Ердоған Ыстанбұлдағы қалпына келтірілген Қасиетті Стефан шіркеуінің ашылу салтанатында. Оны көпшілік «Темір шіркеу» деп те атайды.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Түркия президентінің айтуынша, елде «Темір шіркеу» мен Мұради мешітіндегі діни құлшылықтың айырмашылығы жоқ. 

Ердоған Соңғы кездері Түркияда реставрациядан өткізіліп 14 діни нысан ашылғанын атап өтті. Оның қатарында Эдирнедегі синагога, Гекчеададағы Қасиетті Николай шіркеуі, Искендерундегі католик шіркеуі, Диярбақырдағы армяндардың протестанттық шіркеуі, Газиантептегі Низипа Февкани шіркеуі бар. 

Ыстанбұлдың Балат ауданындағы христиан шіркеуін реставрациялау жеті жылға созылған. Шіркеудің ашылуына Болгария премьер-министрі Бойко Борисов қатысты, ола Түркия үкіметіне тарихи нысанды қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Дереккөз: inform.kz

8 қаңтар 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.