Атырау, 26 қараша 15:53
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бас салық қызметкері тағайындалды

5 990 просмотра


Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып 42 жастағы Ерлан ЖАНБАЕВ тағайындалды.

Ол Торғай облысының тумасы (1997 жылы Қостанай және Ақмола облыстарына бөлінді). Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Торғай және Қостанай облыстарында салық иснпекторы болып бастаған. Содан кейін Қаржы министрлігінде жетекші маман, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің экономикалық бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2007 жылдың сәуірінде Жамбыл облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, бір жарым жылдан кейін Павлодар облысы салық департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2015 жылдан бастап қазіргі лауазымына дейін ҚР қаржы министрінің кеңесшісі болды.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің кадрлар бөліміндегілер хабарлағандай, бұрынғы басшысы Мәди ТАКИЕВ Астанадағы мемлекеттік кірістер комитетіне ауысып кеткен. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қаңтар 2018, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.