ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығымен Атырау облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы лауазымына Найзабек СҮГІРОВ тағайындалды.
59 жастағы жаңа басшы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр селосында дүниеге келген. Осыған дейін осы инспекция басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Ал бұрынғы басшысы Самат ГИЛИМОВ бір ай бұрын Астанаға кетіп, ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Фархат ӘБІЛОВ