АҚШ Пәкістанға қауіпсіздік саласында көмектесуді тоқтатты
1 482 просмотра
АҚШ бұған дейін Пәкістанға әскери құрал-жабдық алуға арналған 255 миллион долларын бөлуді тоқтатып тастаған болатын. АҚШ пен Пәкістанның қарым-қатынасы президент Дональд Трамп таяуда Исламабадты қатты сынаған соң нашарлай бастаған. Трамп Пәкістанды АҚШ Ауғанстанда соғысып жатқан исламшыл содырларды паналатып отыр деп айыптаған.
«Соңғы 15 жылда олар бізден 33 миллиард доллар алыпты. Біз олардан өтірік пен жалған уәдеден басқа ешнәрсе алмаппыз» деп жазды Трамп Twitter-де.
Пәкістан билігі АҚШ-қа терроризммен күресінде әрқашан сенімді одақтас болғанын мәлімдеп, айыптауды терістеді.