Атырау, 11 қазан 10:57
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Сот төрелігіне жүгінді

2 221 просмотра

Атырауда бұрын-соңды болмаған жайт орын алды: алғаш рет атқарушы биліктің мемлекеттік органы - облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті сотқа бірдей жұмысты атқарып отырған қазақстандық пен шетелдік азаматтардың еңбекақысын төлеудегі заңсыз айырмашылықтар жөніндегі талап арызын берді.

- Әңгіме Қашағандағы жасанды D  аралында орын алған мәселеге қатысты қозғалып отыр. Жауапкер – Аджиптің мердігерлерінің бірі - итальяндық компания. Онда отандық жұмысшы шетелдікке қарағанда 7 есе кем еңбекақы алады. Біз сотта мұның алалаушылық екендігін дәлелдеуді көздеп отырмыз және бұл іс басқа да біздің аймақта жұмыс жасайтын шетелдік компаниялар үшін сабақ болады деген сенімдеміз,  - деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  департаментінің бастығы Тимур ЕСТЕБАЕВ БАҚ өкілдерімен болған кездесуде. Және ол журналистерді еңбек дауларына қатысты хабарларды жариялау барысында ең алдымен ереуілшілердің талаптарының қаншалықты заңды екендіктеріне  баса көңіл бөлуге шақырды:

- Мұндай ереуілдердің көпшілігі көбіне төменгі еңбекақыға байланысты бой көтереді. Алайда, ол тек мына жағдайда ғана, егер ең кіші стандарттан төмен болғанда ғана заңсыз болып есептеледі.

Одан әрі ол біздің аймақ үшін ең аз еңбекақы 17 439 теңгені құрайтындығын түсіндірді. Егер салалық коэфициентті қоса есептегенде құрылысшылар үшін 17 439х1,5=26 158 теңгені құрайды, мұнайгаз секторының қызметкерлері үшін ол 17 439х1,8=31 390 теңгеден төмен болмауы тиіс. Егер жұмыс беруші осы минимумнан төмен төлемейтін болса, онда департамент оны еңбекақыны көтеруге мәжбүрлей алмайды.

Алайда, байқаймын, бұл аталған цифрлар  шенеуніктің өзіне ыңғайсыздау естілген секілді: 

- Әрине, мен ақпанда ереуілге шыққан  30 күн үшін 35 мың теңге алатын Сенімді құрылыс жұмысшыларын түсінемін. Бұл ақшаға өмір сүру мүмкін емес. Қазір біздің департаментіміз ТШО компаниясымен келіссөз жүргізуде,  басшылықтан осы саясатты қайта  қарауды сұрап отырмыз. Менің ойымша, одан қорытынды шығады деп сенеміз. Олар 2006 жылғы ТШО мердігері - Сенімді құрылыс жұмысшыларының наразылығынан туған Теңіз-дегі  тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылықты  ұмытпаған болуы керек.

Ал, меніңше ұмытқанға ұқсайды. Еске алсақ, сол кезде үрейленген американдықтар бірқатар тыныштандыратын мәлім-демелер жасаған болатын. 2006 жылдың желтоқсанында облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ қатысқан прокуратурадағы мәжілісте ТШО-ның пайдалану жөніндегі бас менеджері Дэвид МЭДИСОН 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап мердігер компаниялардағы жұмысшылардың еңбекақысы 90 мың теңгеден кем болмайды деп уәде еткен болатын. Бірақ, бұл уәде орындалмады, ал, одан бері теңге айтарлықтай құнсызданды. Мердігерлердегі сағаттық тарифтік ставканың өсуі оның тапсырыс берушісімен келісілуге тиісті, ал ол Теңізшевройл үшін тиімді емес. Сондықтан да мердігерлерде сағаттық тариф ставкасының артуы көптеген жылдар бойы ТШО-ның өзінде инфляцияға байланысты еңбекақы индексациясының үнемі өзгеріп отыратындығына қарамастан қайта қаралған жоқ. Алайда, сенің танауыңның астында, құрылыс алаңында болып жатқан жайттарды  көрмеу - бұл тіптен қауіпті жағдай.

Кездесу соңында облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының бастығы Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ былай деді:

- Еңбек даулары туындаған кезде бір ғана тараптың жағына шығудың қажеті жоқ. Егер жұмысшылар ереуілге заңсыз шықса, онда жұмыс беруші оларды жұмыстан шығаруға құқылы.

Сәния ТОЙКЕН

9 мамыр 2012, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.