Атырау, 29 қараша 08:38
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Сириядағы Хмеймим әуе базасына шабуыл жасалды

1 797 просмотра


Сирия Хмеймим әуе базасы шабуыл әлемде Ресейдің қорғаныс министрлігі 31 желтоқсан күні Сириядағы Хмеймим әуе базасы минаатқышпен атқыланғанын растады. 

Шабуылдан екі әскери қызметкер қаза тапқан. Бұған дейін ақпарат құралдары шабуылдан Ресейге тиесілі 7 ұшақтың күл-талқаны шықты деген хабар таратқан. Алайда ресми Мәскеу бұл қауесетті жоққа шығарды. 

Олардың айтуынша, Сириядағы ресейлік ұшақтар кез келген әскери бұйрықты орындауға сақадай сай. Қазір әуе базасын кімнің атқылағаны анықталып жатыр. Қорғау шаралары күшейтілген.   Айта кетейік, 31 желтоқсанда Сириядағы Хама әуе айлағында Ми-24 тікұшағы құлап, борттағы екі ұшқыш қаза тапқан еді. Апатқа техникалық ақау себеп болған.

Дереккөз: 24.kz

4 қаңтар 2018, 22:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.