Соңғы кезде, Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы шиеленісті жағдайлар қайта оңала бастаған сыңай танытты. Солтүстік Корея сәрсенбі күні екі ел арасындағы тікелей жалғанатын байланыс қоңырауын қайта іске қосып, осы бастамалары арқылы келер айда Пюңяңда (Пхеньян/Pyongyang) болатын Қысқы олимпияда жайлы ақылдасуға жол ашты. Бұл туралы «WSJ» басылымының ресми сайты хабарлады.
Солтүстік Кореяның ресми ақпарат көздері екі ел үкіметтерінің өзара қоңырау шалғандарын хабарласа, бұл хабарды «Корей бірлестігі» ұйымы да растады. Осыдан бір күн бұрын, Оңтүстік Корея жақ КХДР үкіметінің ресми тұлғаларымен кездесуге ұсыныс жасады.
Екі күн бұрын Солтүстік Кореяның ең жоғарғы басшысы Ким Жоң Ун (КимЧен Ын/Kin Jong Un) Солтүстік Кореядан Қысқы олимпиядаға қатысушы спортшыларға қолдау көрсететінін білдірді. КХДР үкіметі Оңтүстік Кореяның Саяси басқармасының жетекшісі Ри Соң Гуонға (Ri Son Gwon) жолдаған мәліметінде, тікелей қоңырауларды іске қосу ұсынысын қабылдағанын және Қысқы олимпияда ойындары туралы ақылдасулардың басталып кеткенін айтқан.
«Корей бірлестігі» ұйымының хабарына қарағанда, екі елдің ресми тұлғалары ортақ бақылауындағы шекара бекеті Пан Мүн Жонда (Panmunjon) қоңырау арқылы сөйлескен. Сеул тарабының ресми мәліметінде, бұл жолғы екі жақтың келісімге келуінің маңызы зор деп бағалаған. Әрі, бұдан кейінгі екі ел арасында барыс-келістің қалыпқа түсуіне бастамашылық рөл атқарады деп санайды. Екі ел арасындағы тікелей байланыс қоңырау желісі 2016 жылдың ақпан айынан бастап тоқтатылған.
Бұл Солтүстік Кореяның төртінші реткі ядролық сынақтарына тура келген еді. Оңтүстік Корея болса екі елдің Бірлескен кәсіпорын индустриялық партерін тоқтатты. Оңтүстік Корея үкіметінің мәлімдемешісі сөзінде, Солтүстік Корея тарапы ядролық қарулар жайында талқылауға ниет танытпаған.
Оның айтуынша осыған дейін Оңтүстік Корея ядролық қарулар жөнінде тіл табысуға барлық мүмкіндіктерін салған.
Дереккөз: The Qazaq Times