Атырау, 29 қараша 08:51
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Тәж-Махалда туристерді қабылдауға шектеу қойылды

3 137 просмотра


Үндістан билігі әлемдегі ең танымал архитектуралық ескерткіштердің бірі Аградағы Тәж Махал кесенесіне кіруді шектеуге ниетті. Бұл туралы South China Morning Post мәлімдеді.

Ұсынылған шара тарихи ескерткіштің сақталуын қамтамасыз етуге арналған. Ол ақ мәрмәрден жасалған. Ал келушілер кесірінен он жер қоқысталып, зақымданып отыр. Келушілер саны 2016 жылы 6,5 млн адамнан асты, олардың көпшілігі үндістер.

Нормативтік актінің жобасы қабылданған жағдайда, Тәж-Махалда үндіс келушілердің саны күніне 40 000 адаммен шектеледі. Қазіргі уақытта демалыс және мереке күндері олардың саны 70 000-ға жетеді. Ал, шетелдік туристерге шектеу қойылмайды. Шетелдіктер кесенеге кіру үшін 1000 рупий (шамамен 16 доллар) төлейді, ал үндістерге кіру билеті 40 рупийді құрайды.

Ескерткіштің архитектурасы үнді, парсы және араб архитектуралық стильдерінің элементтерін біріктіреді. 1983 жылы Тәж Махал ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра объектісі ретінде танылды. Ол Үндістандағы мұсылман өнерінің інжу-маржаны, бүкіл әлемге танылған архитектуралық мұраның ең танымал шедеврлерінің бірі.

Дереккөз: 7kun.kz

4 қаңтар 2018, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.