Атырау, 29 қараша 08:41
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Иран билігі ереуілдің сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді

1 602 просмотра


Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) қолбасшысы Мохаммад Әли Джаафари елдегі 2017 жылдың бүлігі ереуілге шыққандар үшін нәтижесіз аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости ИРСК-нің ақпараттық порталына сілтеме жасап. 

"2017 жылғы бүліктің сәтсіз болғанын мәлімдеймін. (...) Ереуілге шыққандар саны аз болды және Иран бойынша 15 мың адамнан асқан жоқ", - дейді Джаафари.  Сонымен қатар, қолбасшы Вашингтон, Тель-Авив пен Эр-Риядты ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестеріне Иран аумағына кіруге бұйрық берді деп айыптады.  

БАҚ мәліметі бойынша, ереуіл салдарынан Тегеранда 450-ге жуық адам ұсталып, 20 шақты адам мерт болған.  Еске салайық, Иранның Тегеран, Мешхед, Исфахан мен Решт сияқты ірі қалаларында 28 желтоқсаннан бастап әлеуметтік жаппай ереуілдер басталған. 

Иран президенті Хасан Роухани ереуіл ел ішіндегі қиындықтар мен сыртқы күштердің арандатуынан болды деп мәлімдеген. 

Дереккөз: tengrinews.kz

4 қаңтар 2018, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.