Жаңа жыл қарсаңында ҚІІБ-не Жылыой ауданының 34 жастағы тұрғыны шағымданды. Белгісіз біреулер Баймұханов көшесінің бойындағы моншаның жанында тұрған «Лада Гранта» көлігінің есігін бұзып ашып, ішінен «Самсунг» телефоны мен 12 мың теңгесін ұрлап кеткен. Зардап шегуші тигізілген жалпы зиянды 149 мың теңгеге бағалады. Күдіктінің жеке басы анықталуда.
***
Жаңа жыл түнінде Көк арна ауылының 27 жастағы тұрғыны санындағы пышақ жарақатымен облыстық ауруханаға түсті. Қылмыс жасады деген күдікпен Привокзальныйдың 33 жастағы тұрғыны ұсталды.
***
Қаңтардың 1-де таңертеңгі сағат 7-де Сарыарқа ықшамауданында белгісіз біреу «Рено Сандеро» көлігінің есігін бұзып ашып, салоннан жол сөмкесін ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен Лесхоз ықшамауданының 38 жастағы тұрғынын ұрлық жасау кезінде «Батыс» патрульдік экипажы ұстады.
***
Қаңтардың 1-де түнгі сағат бірде №1 полиция бөліміне көшеде екі бұзақы соғып кеткен ер адам шағымданды. Жедел-іздестіру шарасы барысында Жилгородоктың 30 жастағы екі тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.