Ресей өзіне салынған санкцияға қарсы тұру мақсатында крипторубль жасамақ – деп хабарлайды The Hill газеті.
Басылымның мәліметінше, Ресей президенті Владимир Путин ел үкіметіне санкциядан айналып өту мақсатында крипторуль жасауға тапсырма берген.
Бұл Ресейге қаржы операцияларын сырттан келетін кедергілерсіз рубльмен жүзеге асыруына септігін тигізеді. Бірақ қазіргі таңда крипторубль жасау тек жаба жүзінде ғана. Алайда ол алдағы уақытта іске қосылатын болса, онда Ресей АҚШ салған санкциялардан айналып өтетін болады.
Көптеген шетелдік сарапшылардың ойынша, Ресей билігінің крипторубльге байланысты жасап жатқан қадамдары ешқандай нәтиже бермейді.
Себебі АҚШ-тың 2018 жылдың ақпан айынан бастап күшіне енетін санкциялар пакеті Ресей азаматтары мен компанияларына батыс елдерімен қандай да бір байланыс орнатуына тыйым салады.
Дереккөз: The Qazaq Times