31 желтоқсанда сағат 3.56-да ТЖД-ға теңіз жағалауындағы Дамбы ауылында облыстық орман және жануарлар дүниесі (балық қорғау) инспекциясы брандвахтасының өртеніп кеткені туралы хабарлама түсті. Орынжай тып-типыл боп жанып кеткен. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Инспекция өкілі Асхат ТӨРЕБАЕВТЫҢ айтуынша, есептен шығарылатын тұрғын емес нысанды өртеу кімге керек болғаны түсініксіз. Оқиға орнын ІІД қылмыстық тобы тексеріп шықты, тергеу жүріп жатыр.
Ал алдыңғы күні Дамба маңында жағалау бойымен келе жатқанда балық қорғау қызметкерлері мінген 6 көліктің дөңгелегіне өткір істіктер кіріп, жарылып қалған. А.Төребаевтың айтуынша, бұл жергілікті браконьерлердің әрекеттері екен, тергеу жүргізілуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ