Атырау, 29 қараша 08:52
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

2020 жылғы Олимпиада кезінде адам келбетін танитын жүйе қолданылады

2 157 просмотра


2020 жылы Жазғы Олимпиада және паралимпиада ойындары кезінде Жапония үкіметі ойын алаңдарына спортшыларды, журналистерді және ресми тұлғаларды кіргізу үшін адам келбетін анықтайтын жүйені қолданады, деп хабарлайды The Japan Times

Камералар қарапайым көрермендердің келбеттерін түсірмейді, деп жазады басылым өзінің дерек беру көздеріне сілтеме жасай отырып. NEC компаниясы жасап шыққан жүйе 2016 жылғы Рио Олимпиадасы кезінде сынақтан өткізілген. 

Оны «Жапондар үйіне» тіркелген журналистерге рұқсатнама беруге қолданған. Жақында осы жүйені Токиодағы Ханэд әуежайы төлқұжат тексеруді жылдам өту үшін пайдалана бастаған. 

Токиода өтетін жазғы Олимпиада және паралимпиада ойындары кезінде аталмыш жүйе 40-қа жуық нысанға орнатылады. Ол 300-400 мыңдай адамның бет әлпетін сканерлейді деп күтілуде. 

Дереккөз: inform.kz

3 қаңтар 2018, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.