Атырау, 29 қараша 05:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Түрікменстанда Жаңа жылдан бастап қара түсті көліктерге тыйым салынды

2 385 просмотра


Жаңа жылдан бастап Түрікменстанда қара түсті көліктерге тыйым салынды, - деп хабарлайлы "Хроники Туркменистана". 

Басылымның мәліметінше, қала көшелеріндегі қара түсті көліктер полицияның талабы бойынша тәркіленген немесе басқа жерге әкетілген. Бірнеше күн бұрын ғана көліктер иелеріне қайтарыла бастапты. Алайда иелері көлікті ақ немесе ашық түске бояу туралы қолхат жазуға мәжбүр болған.  

Сөйтсек, 2018 жылдың қаңтарынан бастап қара түсті көліктерге тыйым салынған екен. Осындай жаңа талаптан кейін елде көлік түсін өзгерту құны екі есе қымбаттап кеткен, бұрын көлік бояу құны 500 доллар болса, қазір 1000 долларға дейін жетіпті.  

Алайда ел билігі қара түсті көлікке не себепті тыйым салынғаны жайлы мәлімдеме жасамаған. Жергілікті басылымдар Түрікменстанға 2016 жылдың қаңтарынан бастап қара түсті көлік кіргізуге тыйым бар екенін еске салып отыр.

"Ақ - Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің сүйікті түсі екенін айтып өту қажет, ол ырымдар мен жоралғыларға сенеді", - деп жазады басылым.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 қаңтар 2018, 02:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.