Атырау, 29 қараша 05:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​​Дональд Трамп Қытайдан Солтүстік Кореяға мұнай жеткізуді доғаруын талап етті

2 018 просмотра


Дональд Трамп Қытай Солтүстік Корея мұнай тасымалы АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай үкіметінен Солтүстік Кореяға мұнай жеткізуді доғаруын талап етті. 

Өйткені бұл  БҰҰ-ның ресми Пхеньянға салған санкциясына қайшы. Бұған дейін ашық теңізде қытайлық мұнай сатушылардың солтүстіккореялық танкерлерге қара алтын құйып жатқаны туралы ақпарат тарады. 

Қазан айынан бері америкалық мамандар мұндай 30 жағдайды әшкерелеген. Тіпті мұндай айғақ ретінде Құрама Штаттардың жерсерігі арқылы түсірілген суреттер де бар көрінеді. 

Мұндай мәліметті оңтүстіккореялық басылымдар жариялады. Дегенмен Қытай билігі айыпты ақпаратты растаған жоқ. Айта кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік қызметі Пхеньянға қарсы санкцияны күшейтуді мақұлдады. Құжатта Солтүстік Кореяға келетін қара алтынды 90 пайызға қысқарту қаралған.

Бұл – Пхеньянның баллистикалық зымырандарды сынауын тоқтатпауына қарсы жасалған қадам. 

Хуа Чунюнг, Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің өкілі:

- Таралып жатқан ақпаратты растайтын бірде бір айғақ жоқ. Қытай БҰҰ-да қабылданған тұжырымдамаларды үнемі қолдайды. Солтүстік Кореяға қатысты да алған беттен айныған емеспіз. Халықаралық міндетімізді бұлжытпай орындап келеміз.


Дереккөз: 24.kz

30 желтоқсан 2017, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.