Атырау, 26 қараша 15:30
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тірі күміс сүзгендер

3 377 просмотра

Атырау қаласындағы Атырау ауылдық округінде балық аулайтын «Қызыл балық» ЖШС жылды табысты аяқтады.  

Кәсіпорын жұмысшылары 2017 жылғы балық аулау жоспары бойынша 469 тонна (Каспий теңізі бойынша – 264 тонна, Жайық өзені бойынша – 205 тонна ): теңізден – 202 тонна немесе 76,5%, өзеннен – 159 тонна немесе 78% балық лимитін игерді.

2017 жылғы балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес, кәсіпорын шағын флот, қызметтік көлік («Газель» маркалы көлік) сатып алды, балық өнімдерін өңдеу үшін цехтар (балық ыстау және қақтау цехы, мұздатқыш камералар) құрылысы  жүргізілуде, балық аулау құралдары алынуда, 700 мың теңге сомада (балық жіберу бағдарламасы бойынша) шабақтарды табиғи мекендеу ортасына шығару шығындары төленді, ал бұл 14 мың бекіре тұқымдас шабақ.

«Қызыл балық» ЖШС директоры Әлібек БҰХАРБАЕВТЫҢ айтуынша, 2018 жылы кәсіпорынның өндірістік базасын әрі қарай кеңейту жоспарланған, жаңа жұмыс орындары ашылып, көкөніс және мал шаруашылығы қызметі жоспарланып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 желтоқсан 2017, 22:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.