Атырау, 26 қараша 15:42
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атыраудағы сұлулық

4 514 просмотра


Атырауды жаңажылдық безендіру биыл былтырғыға қарағанда бюджетке екі есеге қымбат түсті. Қала екі есе әдеміленді ме?

2016 жылы 41,5 млн теңге бөлінді, тендерді «Амира Д» ЖШС жеңіп алды. Ағымдағы жылы сома 84 млн теңге болып, «Диас компани» ЖШС конкурс жеңімпазы атанды.

Бірақ қалалық әкімдікке жолдаған сауалымызға жауапта анықталғандай, алаңдар мен саябақтарды безендіретін шыршаларды, дәлірек айтсақ, шағын сәулет нысандарын сатып алу және орнату жеке шығындар бабы екен. Қалалық әкімдік бұл цифрларды да ұсынды. Өткен жылы тапсырыс шеңберінде 18 млн теңге игерілді (орталық шырша мен басқа 3 шырша, «Қадырқұлов» ЖК). 2017 жылы құны 28 млн теңге болатын бұл тендерді «Атырау Неон» компаниясы ұтып алды. Бұл сомаға, әкімдіктегілер хабарлағандай, Исатай мен Махамбет алаңындағы орталық шыршаны, сондай-ақ, қаладағы басқа алаңдарға: Музыка академиясы, Смағұлов, Балықшы («Аққу»), «Құрманғазы» МС алаңдарына  арналған 4 шыршаны сатып алу кіреді. Осылайша, қаланы безендіру үшін жаңа жылдық жалпы шығындар сомасы 112 млн теңге (өткен жылы 59,5 млн теңге) құрады.

Жаңа шыршаны (дегенмен, жаңалардың барлығы) қала тұрғындары әрқалай қарсы алды. Сыншыларға  оның айқын пластиктен жасалғаны, ұлттық стильдегі зерлі нақыштары, шынайы ағашқа ұқсастық болмағаны... ұнамады. Ересектерден айырмашылығы балалардың көпшілігі мәз мәйрам. Әсіресе, қараңғы кезде шырша неонды жарықпен құбылады.  

Мені бірдей сұраққа берілген қалалық әкімдіктің жазбаша жауаптары мен жақында өткен баспасөз мәслихатында Атырау әкімі Серік ШАПКЕНОВТЫҢ ауызша жауабындағы кішкене сәйкессіздік көп қынжылтады. Біз сол кезде Серік Жамбылұлынан өткен жылғы шыршаның не болатынын (биыл оның орталық қалалық алаңдағы құрметті орнын ғажайып поликарбонат шырша басты) сұрастырдық. Әкім журналистерді оның далада іссіз қалмайтынына сендірді. Бір күннен кейін биіктігі 20 метр болатын бұрынғы орталық шырша шынымен де музыкалық академия алдындағы алаңда бой көтерді. Ал ол жерге алынатын жаңа шырша не болмақ? Өйткені бұл алаң үшін мердігер ағымдағы жылдың тендер талаптары бойынша шырша алуы тиіс еді. Бәлкім, ол паналайтын жаңа жер тауып, тағы бір (алтыншы?) қала алаңын безендіріп тұрған шығар.  

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

29 желтоқсан 2017, 21:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.