Атырау, 26 қараша 15:29
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Аудандарда үйді кімге береді?

Сурет
4 107 просмотра

Индербор кентінде 60 пәтерлік үй пайдаланылуға берілді. Бұған қоныстанушылардың 24-і үйлері апатты деп танылған С. Сейфуллин көшесіндегі №1, 3, 5 тұрғындары, 7-уі халықтың әлеуметтік осал топтары, 12-сі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, 5-уі мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйым қызметкерлері, 12-сі қызметтік пәтер иелері.

- 2018 жылы С. Сейфуллин көшесінде бұзылған үйдің орнына 24 және 48 пәтерлік үй салу жоспарланып отыр. Мемлекеттік қызметкерлерге арнап екі пәтерлік он үй салынып жатыр,- деді Индер ауданы әкімі Серік АРЫСТАН.

Дегенмен, бұл ауданда баспана мәселе күрделі болып отыр. Пәтерсіз жүрген көп, тек екеуін мысалға келтірейік.

- Біздің тұрған үйіміз 1936 жылы саман іргетасы жоқ. Үй апатты деп танылғанына екі жыл болды. Қазір мұнда тұруға мүмкіндік жоқ, үй жалдауға тура келіп тұр,- дейді Алтынай МҰХАМБЕТОВА (суретте).

Балабақшада хореограф болып жұмыс жасайтын Бибіжамал СИРАЖИДЕНОВА 19 жылдан бері жатақхананың бір бөлмесінде тұратынын айтады: - Жолдасым жоқ, үш балам бар. Жатақханада су, газ, жылу жоқ. Суды даладан тасимыз, әжетхана да тыста. 2013 жылы 113-ші болып тіркелдім. Бірақ қозғалыс жоқ. Бюджетте жұмыс жасайтындар үйлері болса да, үй алып жатыр, неге бұлай?

Абзал РАМАЗАНОВ аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Жалпы тұрғын үй кезегіне бес категория бойынша тұрғын үй кезегіне тұра алады. Бізде ардагерлер мен мүгедектердің жайы толық шешілген. Апатты деп танылған үй, кәмелет жасқа дейін ата-ана қамқорлығынан айрылған жетім балалар, бюджеттік қызметкерлер, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы сияқты төрт категория бойынша кезектілік бар. Тұрғын үй кезегінде жалпы төрт категория бойынша 990 адам тұр.

Серік АРЫСТАН Индер ауданы әкімі:

- Бүгінде үй сұрап арыз берушілер көбейіп тұр. Себебі соңғы ондаған жылдан бері үй құрылысын жүргізу тоқтап қалғандықтан бұл мәселе шоғырланып қалған. Үй кезекпен берілуде. Бұл жерде заң бұзушылық жоқ. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

30 желтоқсан 2017, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.