Келе жатқан 2018 жыл – Ит жылы. Қазақы жүйрік тазының қасиеті туралы «Атырау аңшылық итбегілер клубы» ҚБ төрағасы Серік ХАЛМЕНОВ әңгімелейді.
- Whatsapp-та «Атырау тазылары» тобы құрылды, қазір 36 қатысушы бар. Бұл энтузиастар тазылардың мықты тұқымдық қасиеттерін және және сымбат-бітімін жақсартумен айналысады. Үш жыл бұрын қоғамдық бірлестік құрдым, мақсаты – облыстағы аңшы иттерді тіркеу, оларды біліктілікпен өсіру және иттерді, жылқыларды, аң аулайтын құстарды пайдаланып, ұлттық аңшылықты дәріптеу.
- Атырауда тазы күшіктерінің сатылатындығы туралы хабарландырулар өте сирек кездеседі.
- Ол, мәселен, неміс овчаркасы секілді көп тараған тұқым емес. Тазы - аңшы ит, ол аула күзетуге жарамсыз. Қазір менің үш тазым бар - Лейла, Гури және Зита. Гита да болған, бірақ оны ұрлап кетті. Жалпы клуб тазы тұқымының санын арттыруға мүдделі. Басқа өңірлерден асыл тұқымды күшіктер әкелінеді. Өзіміздің отандық тазы мен төбет тұқымдарын өсіретін тәлімбақ ашу жоспарда бар.
- Тазыға күн сайын жақсы жүгіріс, жаттығу керек қой. Бұл жағы қалай?
- Иә, аңшылыққа дайындау шарттарының бірі - ұзаққа жүгірту. Жаяу жүрсем де, велосипедпен не көлікпен жүрсем де, тазыларым жанымда жүгіріп жүреді.
- Тазы ұстап алған жабайы құсты бұтарлап, жеп қоймас үшін оны арнайы жаттықтыру керек пе?
- Асыл тұқымды тазы жабайы құстарға мұқият қарайды. Ұстап алса, ырылдап, иесін күтіп жатады. Кейбіреуі – құсты қожайынына апарып береді. Үйрету керек: күшікті өзіңе үйретіп өсіресің, далаға шығарасың, олардың жабайы құстарды қуалап, қалай ойнайтынын бақылайсың. Аңшылықты бастағанда, олжасын беруге үйрет. Егер ит қараусыз жүгіре берсе, ерте ме, кеш пе, ұстаған олжасын жеп қояды. Ол өзіне ұнап қалғандықтан, мұндай ит одан соң өз олжасын бермейді. Тазы - қазақтардың көп ғасырлар бойы сақтап келген асыл тұқымды қазынасы, біздің міндетіміз - оны болашақ ұрпақ үшін сақтап қалу.
- Тазыларда иіс сезу қабілеті қандай?
- Басқа тұқымдарға қарағанда жақсы. Әрине, олар бұл тұрғыда «легавыйлар» мен спаниелдерден төменгі сатыда, бірақ аңшылық кезінде олар ізге жақсы түсіп, жасырынған жабайы құсты ұшырып жібереді.
- Тазы – қазақтар киіз үйге кіруге рұқсат еткен бірден бір ит деседі.
- Бұл рас. Қазақтар үшін жай ит қана емес. Аштық жылдары осындай бір ит бүкіл ауылды тамақтандыра алған. Жүйрік тазы көшпенділердің жеті байлығы - Жеті қазынаға кірген. Тағы бір дәлел – лайықты күтім жасалса, бұл тұқымнан итке тән иіс шықпайды. Пәтерде тұратын тазылар өздерін салмақты ұстайды, далаға босатқан кезде бүкіл энергиясын шығарады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Сурет пен видеоны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ