Атырау, 29 қараша 05:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Италия президенті парламентті таратып жіберді

2 087 просмотра


Италия парламент Серджо Маттарелла Италия президенті Серджо Маттарелла ел парламентін мерзімінің аяқталуына байланысты таратып жіберді.

Бірақ негізі қос палатаның жұмыс істеу мерзімі ресми түрде келесі жылдың наурыз айына дейін жалғасуы керек болатын. Шешім мемлекет бюджеті туралы заңды бекітуге байланысты қабылданып отыр. Осыған қатысты ел президенті конституцияға сәйкес үкімет басшысы Паоло Джентилонимен және палата спикерлерімен кездесіп, олардың қолдауына ие болды. Ал жаңа парламентті сайлау келесі жылы наурыздың 4-інде өтуі мүмкін. Ол уақытқа дейін қазіргі үкімет басшысы Паоло Джентилони өз міндетін атқара беретін болады. Сарапшылар болса парламенттің таратылуы экономикалық тұрғыдан әлсіз дамып келе жатқан Италияда саяси тұрақсыздықты сақтап, 2013 жылғы партиялардың үкіметті құрылымдай алмау оқиғасы қайталана ма деп отыр.

Дереккөз: 24.kz

29 желтоқсан 2017, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.