Атырау, 24 қараша 12:03
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өз ақшаларына өздері иелік ете алмай ма?

2 030 просмотра

Саша ДЕНИСОВТІҢ коллажыМахамбет көшесі, 118 В  үйді өткен жылы терможаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткізді. Оның сапасына риза болмаған тұрғындар «АЖ» газетіне хат жолдады (қысқаша келтіре кетейік):

«Бізге бағдарламаның мән-жайын түсіндірген адам болған жоқ, тек ТКШ қызметкерлері келді де шұғыл түрде құжаттарға қол қоюымызды сұрады. Көптеген тұрғындар  оның құнының өте қымбатқа шығатындығына  байланысты қарсы болды. Содан кейін сметаны қайта жасады, бірақ, ақырғы сома сол күйінде қалды. Қайта жасалған сметаны біз көргеніміз жоқ. Бірақ жөндеу жұмысы басталып та кетті».

Шағымдардан келтірейік:  «Домофон қалай орнатылды, бірден оған қатысты проблемалар туындады. Көпшілігінің кілттері дұрыс болмады, кейбір пәтерлерде желінің ақауынан  домофон жұмыс жасамады. Біз осы орын алған ақауларды жою туралы өтініш білдіргенімізде, бізге орындалған жұмыстар актісіне қол қойылды және жұмыстар орындалды деп бас тартты. Адамдарға кілттерді өздеріне сатып алуға тура келді. Ал, желідегі ақауларға қатысты проблемалар әлі күнге шешімін тапқан жоқ. Домофон қызметінің қызметкерін шақырту 3 мың теңге, оған және жасаған жұмысын қосыңыз, барлығы 10 мың теңге болады. Баспалдақ алаңдарына плиткалар төсеуге тиіс болатын,  алайда, әлі күнге төселместен жатыр. Подъездердің қабырғалары жарылып кеткен. Жарық жоқ. Барлық балкондар апатты жағдайда. Біз оларды жөндеп беруді өтінген едік, құлақ асқан ешкім болмады».

Хаттың толық мәтінін біз қалалық ТКШ бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серікбай ҚАЗИЕВКЕ жолдадық.  Ол өз кезегінде оны мердігер - «РитмРемСтройСервис» ЖШС директоры С. СҮЛЕЙМЕНОВКЕ  жолдады. Ол былай деп жауап берді: «Ішкі подъездік жұмыстарға қатысты ескертулер қаперге алынып, жойылатын болады. Біздің компанияның 2 жылға орындалған жұмыстар бойынша кепілдік міндеттемелері бар. Көптеген қабаттар мен қабаттар арасындағы алаңдардың жақсы күйде болуы плиталардан бас тартуға мүмкіндік берді және жұмыс құны да төмендетілді».

Домофон есіктерді 2011 жылы желтоқсан айында біздің қосалқы мердігер «АРТС» ЖШС орнатқан еді. Біздің мекеме  электрондық кілттер, сөйлесу  қондырғылары  және қасақана бұзу салдарынан басқа негізгі құрал-жабдықтар бойынша кепілдік міндеттемелерді өз мойынына алады. Одан әрі домофон жүйесін қамтамасыз ету үшін тұрғындарға «АРТС» ЖШС келісім-шарт жасасуы керек.

Жарыққа қатысты мәселеге келетін болсақ, электр желілерін ауыстыру жұмыстары 1-ші, 2-ші және 3-ші подъездерде жүргізілді. 4-ші  және 5-ші подъездерде бұған дейін тұрғындардың өз қаржыларының есебімен жүргізілді».

Редакциядан. Мердігердің жауабынан ішкі подъездік «ұсақ» жұмыстардан бас тартуға болатындығы түсінікті болды. Бәлкім, бұл қаржы апатты балкондарды жөндеуге жетер ме еді?! Нәтижесінде терможаңғырту бойынша күрделі жөндеуге бөлінетін қомақты қаржылар негізінен ұсақ нәрселерге бола жұмсалып жатқан болып шығады. Ал, бұл ішінара былай деп түсіндіріледі, республикалық бюджеттен ақша біздерге күзге қарай түседі, олар жыл аяғына дейін игеріліп болуы тиіс болғандықтан мердігер суыққа қарамастан сырлап, ақтауды,  әрлеуді жалғастырады. Ал, асығыстық жұмыстың сапасына әсерін тигізеді. Жоғарыдағылар бұл проблемалар туралы біледі. Бәлкім биылғы жылы жағдай өзгерер.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

2 мамыр 2012, 21:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.