2017 жылы Атырау облысында 341 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 48 млн теңге материалдық шығын келген. Бұл жөнінде ТЖД өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасы бастығының м.а. Жаңылсын ОРАЗҒАЛИЕВА (суретте) брифингте мәлімдеді.
Ол, сондай-ақ, Жаңа жыл түнінде пиротехникалық заттарды пайдалануда мұқият болуға шақырды. Отшашуларды берекетсіз пайдалану кезінде үлкен күйік алған оқиғалар болған.
«АЖ»-дың мұз үстіндегі жағдай туралы сауалына «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел- құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары Әділхан ЖҰМАЛИЕВ жауап берді:
- Қазіргі таңда қала тұрғындары үшін Жайық өзенінің қай жерлері қауіпті?
- Қаламызда мұздан өтуге қауіпті аймақтарға «Жилгородок» ықшамауданы жаяу жүргіншілер көпірі мен Орталық көпірдің асты жатады. Біз рейд өткіздік, 88 белгі орнатылды.
- Бүгінгі мұздың жағдайы?
- 10-15 см- ді көрсетіп отыр. Бұл қауіпті деңгей.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор