Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Санкт-Петербургтағы супермаркеттегі жарылыс салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлады BBC Орыс қызметінен.
«Жарылыс Санкт-Петербургта Кондратьевский даңғылында «Гигант-Холл» сауда-ойын-сауық орталығында бірінші қабатта «Перекресток» камераларды сақтау ғимаратында 27 желтоқсанда шамамен 21.30 (аст) орын алған», - делінген бейсенбіде жарияланған хабарда.
Ресейдің тергеу комитетінің ақпарынша, ғимаратта қолдан жасалған жарылыс құрылғысы іске қосылған. Жарылыс құрылғысының қуаты тротилді эквивалентте шамамен 200 грамм деп бағалануда.
Соңғы ақпар бойынша, 11 адам зардап шеккен, біреуі ауруханаға жатудан бас тартқан.
Бұл ретте Санкт-Петербург билігі атап өткендей, «Перекресток» супермаркетіндегі жарылыс кезінде зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр. Қалғандарының жағдайы жеңіл және орташа.
«Фонтанка» Петербург басылымы анақтағандай, жарылыс болардан жарты сағат бұрын Калинин алаңында маршрут автобусы тоқтап, ішінен «бет-әлпеті славяндыққа келмейтін қара торы денелі капюшоны бар куртка киген ер адам шыққан, оның қолында қоңыр түсті сөмке болған».
Супермаркетке кірген ол сөмкесін заттарды сақтау камерасында тастап, сауда залына өткен, алайда өз затын алмай, көп бөгелмей кері шығып, алаңнан өтіп, топ адамлармен араласып кеткен.
Дереккөз: ҚазТАГ