Бала кезімде менің ең сүйікті мерекем Жаңа жыл болатын. Мандариндердің хош иісі, бенгал оттары, шартылдақтар және төңіректегі сиқырлық сезімі... Ең бастысы Аяз Атаның көрінуін күтетін едім. Қазіргі балалар осы қызыл мұрынды, сақалды сиқыршыға сене ме екен? Осы туралы балақайларға сұрақ қойдым.
Аяз Атаға сенесің бе?
- Иә! – деп жауап берді балақайлар бірауыздан.
Оның түрі қандай? Сипаттап берші.
Валерия: Ол қызыл киім киеді, қара белбеуі бар.
Әмина: Ол аздап ағы бар қызыл киім киеді және оның сақалы бар!
Стефания: Оның сақалы, костюмі, мұрны және көзі бар.
Аяз ата қайда тұрады?
Әмина: Ол ешқашан еріп кетпейтін қары бар жерде тұрады.
Стефания: Солтүстік полюсте!
Аяз Атаның достары бар ма?
Ратмир: Әрине, бар! Олар Тіс перизаты және гномдар.
Әмина: Ақшақар.
Валерия: Бұғылар.
Стефани: Санта-Клаус деген көмекшісі бар.
Жаңа жыл түнінде балаларға сыйлықтарды қалай таратып үлгереді?
Алидар: Көп нұсқалары бар, бірақ меніңше, ең дұрысы – уақытты ауыстырып жүру.
Ратмир: Ол уақытты тоқтатады.
Аяз Ата сыйлықтарға ақшаны қайдан алады?
Валерия: Банктен.
Алидар: Ол сиқыр арқылы жасайды.
Ратмир: Сиқырлайды!
Алидар: Бірде Аяз Атаға хат жазуға үлгермей қалдым. Ал анама оны электронды пошта арқылы жіберуге тура келді. Жаңа жыл түнінде шырша түбінен сыйлық таппадым. Кенеттен қатты суық болып кетті. Терезені жабу үшін жоғарыға көтерілдім, ал ол жерде сыйлықтарым жатты. Терезеде Аяз Ата киімінің бір бөлігі жатты, ол асығыс болып, киімі ілініп қалған болу керек.
Стефания: Хатты жазғаннан кейін оны жастықтың астына қою керек. Түнде Аяз Ата келіп, оны алып кетеді.
Аяз Ата мен Санта-Клаустың айырмашылығы қандай?
Валерия: Олар ағайындылар.
Ратмир: Санта-Клаус Англияда, ал Аяз Ата Атырауда тұрады.
Әмина: Бұл бір адам.
Алидар: Санта-Клаус - батыстың, ал Аяз Ата - шығыстың кейіпкері. Әр құрлықта әр түрлі кейіпкерлер болады.
Автор Анастасия АЛЮШИНА
Бейнежазбаны түсірген автор