Сирия науқастарды эвакуациялау Шығыс Гута Сирияның Шығыс Гута өңірінде жағдайы ауыр науқастарды эвакуациялау жұмыстары басталды.
Тиісті шараны халықаралық «Қызыл крест» пен жергілікті «Қызыл жарты ай» комитетінің мамандары жүргізіп жатыр. Науқастар ел астанасы Дамаскке жеткізілуі тиіс.
Айта кеткен жөн, Шығыс Гута Астана процесі барысында қол қойылған келісімге сәйкес құрылған қауіпсіз аймақтардың бірі саналады. Алайда содырлар бітімді бұзып, мұнда арасында оқ атып жатады.
БҰҰ-ның хабарлауынша, қазір өңірде 400 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Солардың 500-і шұғыл медициналық көмекке мұқтаж. 70-тен астамы қатерлі ісікке шалдыққан екен. Жағдайы ауыр науқастар қатарында балалар мен әйелдер де бар.
Дереккөз: 24.kz