Атырау, 11 қазан 06:35
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қақпақтар қайда кетті?

2 308 просмотра

Нұрсая ықшам ауданының тұрғыны қауіп төніп тұрғанын ескерту үшін редакцияға қоңырау шалды. Ол тұратын көшенің бойында өскен шөптен елеусіз боп байқалмай тұрған екі люк құрбандарын күтіп тұрғандай ашық қалыпты.

Люктердің бірі «Атырау Су Арнасының» балансында секілді, алайда су дайындау кәсіпорны қалалық әкімдікке сілтеді, ал ондағы баспасөз хатшысы еңбек демалысында екен. Қалалық әкімдікте ерекше ереже бар: баспасөз хатшысы жоқ болса, демек баспасөзбен де байланыс жоқ. Сондықтан тұрмыстық қоқыстармен толтырылған осы құдықтың қожайынын әзірге анықтай алмадық. Жасыл қоймалжыңға толған көршілес шұңқырдың қожайынын ішкі жағында мұқият орамдалған кабельдерден білдік, ол «Қазақтелеком» екен.

«29 сәуірде Атырау ОТД қызметкерлері Нұрсая, шағын ауданындағы 5 көше мекен-жайындағы канализациялық құдықтарды тексеріп шықты, - деп жауап берді біздің сауалымызға ОТД жергілікті желілерге техникалық қызмет көрсету орталығының бастығы Таңатар ЕСМАҒАМБЕТОВ. – Шынымен де, ашық тұрған екі құдықтың бірі Атырау ОТД балансына алынған. Бұрын орнатылған қақпағы ұрланып кетті. Сол күні біздің қызметкерлеріміз құдықты жапқан болатын.   

Құдықтың қақпақтарын ұрлау  проблема болып отыр. Ұрылар оларды металл сынықтарын қабылдау қосындарына тапсырады. Ал АОТД канализациялық құдықтардың люктерін бетон плиталармен жабуға мәжбүр. Бірақ  оларды да жеке сектордың тұрғындары үйлер салу кезінде іргетасқа пайдаланып, ұрлайтын болды.

Жол бөлігінен тыс – жаяу жүргіншілер жолында, газондарда пайдалануға арналған «жеңіл» типті полимерлік қақпақтар да септиктерді жабу үшін жеке сектордың тұрғындарының назарынан тыс қалмайды.

Қазір АОТД балансында 5 мыңдай құдық бар. Ашық құдықтар анықталған жағдайда тұрғындар 20-06-81 және 32-07-02 телефондарына (тәулік бойына) хабарласа алады».

Басқа мекемелердің (басым көпшілігі «Атырау Су Арнасының» иелігінде) ашық қалған құдықтары туралы АСА-ның апаттан құтқару-диспетчерлік қызметіне 76-09-17 телефоны арқылы хабарлау керек. Алайда бұл жағдайда шұғыл арада әрекет жасалады деп есептеуге болмайтын секілді. Диспетчердің  екіұшты жауап бергеніндей, проблема «қақпақтардың түсуіне қарай» шешілетін көрінеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА,

Суретті түсірген автор

2 мамыр 2012, 22:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.