Атырау, 26 қараша 18:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Балаларды арқан құтқарды

3 869 просмотра


Жақында қысқы балық аулау әуесқойлары Жайық өзенінің Атырау қаласы тұсында мұз астына түскен екі баланы құтқарып алды.  

10 және 8 жастағы ағайынды екі бала мұзға ойнауға шыққан екен. Інісі мұздың осал тұсына тап болып, суға түседі. Оны құтқармақшы болған ағасы да артынан кетеді.

 «АЖ» тілшісі құтқарушылардың бірі - Андрей МАХОРИНМЕН кездесті. Олай былай дейді:

- Жексенбі күні Жилгородок шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер көпірінің маңына 6 жасар ұлыммен балыққа аулауға бардық. Бір кезде «Балалар суға батып бара жатыр» деген ащы дауыс шықты. Қарасақ, шамамен 200 метр қашықтықта судың үстінде екі бала қалқып тұр. Өзге де балықшылармен бірге жүгіріп, басында дөңгелегі бар арқан жіпті балаларға лақтырдым. Кейін балықшылар болып арқанды тарттық. Балалар осы арқан жіптің көмегімен аман- есен шықты. Бір қызығы осы арқан жіпті үйден алып шығарда мың ойландым: біресе тастап кеткім келді, кейін алып шықтым. Бірдеңе сезгенмін ғой...

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

27 желтоқсан 2017, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.