Атырау, 26 қараша 18:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мұнайшылар дәстүрлі қайырымдылық шараларын жалғастыруда

Сурет
2 954 просмотра

«Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінің қызметкерлері Жаңа жыл қарсаңында алғаш рет ұйымдастырылған «АЯЗ АТАДАН СЫЙЛЫҚ» қайырымдылық жәрмеңкесінде жарты миллион теңгеге жуық қаражат жинады. Бұл қаражат әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына қажетті нәрселер және сыйлықтар алуға жұмсалады.

«Ембімұнайгаз» АҚ – әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, Атырау облысы мен еліміздің экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан отандық компания.

Жаңа жыл қарсаңында компания қызметкерлері қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп, одан түскен қаражатқа материалдық жағдайы төмен отбасы балаларына қажетті киім-кешек пен сыйлық алу жөнінде бастама көтерген болатын.

Жергілікті екі суретші авторлық туындыларын, Handmade-қоғамдастықтарының 13 шебері мен Компанияның бірқатар қызметкері өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын жәрмеңкеге ұсынды.

Қайырымдылық жәрмеңкесін өткізудегі алғашқы тәжірибе сәтті жүзеге асты. Жәрмеңкеге қойылған 23 суреттің 20-сы бірер сағатта сатылып кетті. Сондай-ақ, ЕМГ қызметкерлері дайындаған тәттілер мен атыраулық қолөнер шеберлерінің бұйымдары да үлкен сұранысқа ие болды.

Алғашқы қайырымдылық шараның қорытындысымен 473 735 теңгеге бұйымдар сатылды. Бұл қаражат мұқтаж балаларға киім, сыйлық және дәрі-дәрмек алуға жұмсалады.

Жәрмеңкеден фоторепортаж

26 желтоқсан 2017, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған