Атырау, 18 мамыр 12:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Оқиғалар тізбегі

3 004 просмотра

Облыста өтіп жатқан «Қару»" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде белгілі бір уақыт аралығында екі бірдей көлікті – «Ниссан прьемера» мен «Сузики грант витара» автомашинасын ұрлаған 35 жасар Атырау тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ, 25 жастағы БҚО тумасы ұсталды. Ол қалалықтарды жұмысқа орналастырамын деп алдап, «қызметіне» ақша алып, бой тасалап отырған.

***

Қала маңындағы Құрсай ауылында 25 желтоқсанда атасының үйіне қонаққа келген 5 жасар бала  газға уланып қалды. Ол облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

***

Желтоқсанның 24-де ТЖД-ға Жылыой ауданында Ақтөбеге шөп сатып алуға шыққан екі КамАЗ көлігінің жүргізушілерімен жоғалып кеткені хабарланды. Қайтар жолда олар туыстарына  кешікпей үйлеріне баратынын хабарлаған. Содан кейін байланыс үзіліпті. ТЖД қызметкерлері іздеу жұмыстарына кірісіп, келесі күні екеуін Құлсары қаласынан 125 шақырым жерден тапқан. Олардың соляркалары бітіп қалған екен. Көмек дер кезінде жетті.

26 желтоқсан 2017, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.