Атырау облыстық экология департаментіне ауаның, топырақтың және судың ластану деңгейін анықтайтын Ресейде жасалған көптен күткен аспаптар партиясы келді.
Департамент өз қаржысына түрлі мақсатқа арналған 6 аспапты сатып алды.
«Флюорат-02» сұйықтық анализаторы суда мұнай өнімдерінің, ерітілген химиялық заттардың қоспаларының болуын анықтайды. Бағасы - 3,6 млн теңге.
«Автотест» газ анализаторы-түтін өлшеуіш автокөліктердің және бензин мен дизельдік қозғалтқыштары бар басқа да көлік құралдарының пайдаланылған газдерін жедел талдауға арналған. Бағасы - 363 мың теңге.
«Полар-Т» газ анализаторы өнеркәсіптік шығарындылардағы зиянды заттардың шоғырлануын анықтайды. Құрылғы тасымалданады, өлшемдер кәсіпорындарға жақын жерден жүргізіледі. 1,7 миллион теңгеге сатып алынды.
«МЭС-200 А» метеометрі қоршаған ортаның параметрлерін: атмосфералық қысымды, ауа температурасын, желдің бағыты мен жылдамдығын тіркейді. Ауа ластанған кезде бұл құралсыз ештеңе анықтау мүмкін емес, өйткені ол қоршаған жағдайды толық көрсетеді. Құны 278 мың теңге.
«Крот» жиынтығы – топырақтан сынама үлгісін алуға арналған. Ол алып «бұранда» түрінде болады, тек тығынның орнына жер қабатынан зерттелетін материалдың цилиндр кесегін алып шығады. 633 мың теңге.
ГАНК-4 газ анализаторы – ең маңызды аспап (ол «Қазгидромет» РМК филиалында бұрыннан бар және бұрын тіркелген ШРК асуын сол құрал анықтады). Экология департаментінің зертхана басшысы Жолдасқали ТЕЛАҒЫСОВТЫҢ айтуынша, бұл аспап осы жылдың соңғы күндерінде келеді деп күтілуде, бағасы әлі белгісіз.
2018 жылы жұмыс күндері қоршаған ортаны ластауға қатысты шағымдар Экология департаментіне 20-23-80 телефоны арқылы қабылданады, жұмыс уақытынан тыс және демалыс күндері департаменттің күзет қызметі 49-25-69 телефоны арқылы жазып алып, жауапты инспекторға жолдайды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ